Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
5. Әкімді сайлау кезінде басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.
6. Өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі дауыс берген кандидаттар сайланды деп есептеледі.
ҚР 14.04.04 ж. № 545-II Конституциялық Заңымен 10-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
10-бап. Сайлау органдары, олардың жүйесi мен өкiлеттiктерiнiң мерзiмi
1. Қазақстан Республикасында сайлауды әзiрлеу мен өткізудi ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiн мыналар құрайды:
1) Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиялары;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) округтік сайлау комиссиялары;
3) 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) учаскелiк сайлау комиссиялары.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Аумақтық сайлау комиссияларын Орталық сайлау комиссиясы, ал мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары мен учаскелік сайлау комиссияларын тиісті аумақтық сайлау комиссиялары құрады.
Егер бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша округтердің шекаралары әкімшілік аумақтық бірліктердің шекараларымен тұспа-тұс келсе, округтік сайлау комиссиялары құрылмайды, олардың өкілеттіктерін аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.
Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды. Жаңадан құрылған немесе қайта құрылғаннан кейін қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттік мерзімі тиісті сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті мәслихаттар сайлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін он бес күннен кем болмауға тиіс мерзімде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісетіні туралы өтініштерін қоса береді. Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағасының орынбасары, хатшысы сайлау комиссиясының отырысында сайланады.
Аумақтық сайлау комиссияларының мәслихаттар сайлайтын мүшелері Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын басталады және олардың өкілеттік мерзімінің бітуіне үш күн қалғанда аяқталады.
Сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыратын органдар сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі ішінде олардың құрамына өзгерістер енгізуге құқылы.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы шешімдер, олардың құрамы мен орналасқан жері бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.
5. Сайлау комиссияларының өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi тиiстi аумақтағы барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының орындауы үшiн мiндеттi.
6. Сайлау комиссиялары өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезінде олардың қызметіне араласуға жол берілмейді.
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сайлау комиссиясының қызметі сайлау комиссиясын құратын органның шешімі бойынша немесе Орталық сайлау комиссиясының өтініші негізінде сот шешімімен тоқтатылуы мүмкін.
8. Сайлау комиссиясының мүшесiн, осы Конституциялық заңның 19-бабының 6 және 7-тармақтарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, өкiлеттiктерiнен айыруға болмайды.
2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 11-бап өзгертілді
11-бап. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
1. Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұрақты жұмыс iстейтiн орган болып табылады.
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Орталық сайлау комиссиясы комиссияның Төрағасынан және алты мүшесінен тұрады.
Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары мен хатшысы комиссияның отырысында сайланады.
3. 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды(бұр. ред. қара)
4. Орталық сайлау комиссиясының өз аппараты болады.
f2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1. Орталық сайлау комиссия сының қарамағында ведомстволық бағынысты ұйымдары болады, олардың функциясына аумақтық сайлау комиссияларының ұйымдастырушылық қызметіне жәрдемдесу және оның сайлау қызметінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құруды, дамытуды, енгізуді, қолдап отыруды, оларға әкімшілік жүргізуді, пайдалануды және жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ сайлаушылардың құқықтық мәдениетін арттыру саласындағы жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету, сайлауды ұйымдастырушыларды және сайлау процесіне басқа да қатысушыларды үйрету кіреді.
5. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен; 14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 12-бап өзгертілді
12-бап. Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Орталық сайлау комиссиясы:
1) Қазақстан Республикасының аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады; олардың бiрыңғай қолданылуын қамтамасыз етедi; өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi шешiмдер қабылдайды;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) Президенттің және Құрылтай депутаттарының сайлауын дайындау мен өткізуді ұйымдастырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-1) тармақша жаңа редакцияда
2-1) саяси партияларды Құрылтай депутаттарын және мәслихат депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын бір бөлігін сайлауға қатысуға жіберу туралы мәселені қарайды;
2-2) 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3-1) алынып тасталды
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) Орталық сайлау комиссиясы айқындайтын тәртіппен, аумақтық сайлау комиссиялары беретін бюджеттік өтінімдердің негізінде сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын шығыстардың мөлшерлі сметасын жасап, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
2017.15.06. № 75-VI ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді
5) Президентті, Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешімдерінің күшін жояды және оларды тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық бюджет қаражатын олардың арасында бөледі; сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді ұйымдастырады; сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды ұйымдастырады және өткізеді; саяси партиялардың өкілдерімен және сайлау процесіне басқа да қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді; сайлау жүйелері саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара) 6) тармақша жаңа редакцияда; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Президентті және Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньнің нысаны мен мәтінін, мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған бюллетеньдердің нысанын, оларды дайындау тәртібін, сондай-ақ олардың қорғалу дәрежесін, сайлаушылар тізімдерінің, Президенттікке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған және әкім болуға кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парағының, өзге де сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналған, мөлдір материалдан жасалған жәшіктердің нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерінің үлгілерін, сайлау құжаттарын сақтау тәртібін белгілейді; Президентті және Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерін дайындауды қамтамасыз етеді;
6-1) дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәліктерін жасауды ұйымдастырады, оларды беру және есепке алу тәртібін айқындайды;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 6-2) тармақшамен толықтырылды
6-2) кандидатура алып тасталған, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күші жойылған, кандидаттарды, партиялық тізімдерді тіркеу туралы шешімнің күші жойылған жағдайларда сайлау бюллетеньдеріне өзгерістер енгізу тәртібін айқындайды;
7) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
8) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, кандидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) Президенттi және Құрылтай депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзім ақпарат бюллетенін жариялайды.
10) Қазақстан Республикасы бойынша тұтас алғанда Президенттi және Құрылтай депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабар жариялайды;
2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
10-1) осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда жекелеген сайлау учаскелеріндегі немесе әкімшілік-аумақтық бірліктердегі Президенттің, Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізуді жарамсыз деп таниды;
11) Президент сайлауы кезiнде қайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады;
12) Құрылтай депутаттарының қайта сайлауын тағайындайды;
13) 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14) мәслихаттардың кезектi және кезектен тыс сайлауын тағайындайды;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді
15) мәслихаттар депутаттарын, әкімді және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде аумақтық сайлау комиссиялары қызметінің осы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады және осы Конституциялық заңның бұзылуы анықталған кезде олардың шешімдерінің күшін жояды;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16) жаңа сайланымды қалыптастыру кезінде әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын анықтайды;
16-1) Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсына сайлау заңдары жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткізу туралы, сондай-ақ болып өткен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-2) Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық Тізілімін жүргізеді;
16-3) электрондық сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткізу кезiнде тиiстi сайлау комиссияларының мүшелеріне оны қолдануды үйретеді;
16-4) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлауда электрондық сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 16-5), 16-6), 16-7), 16-8) және 16-9) тармақшалармен толықтырылды
16-5) консультативтік-кеңесші органдарды құрады;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-6) тармақша өзгертілді
16-6) сайлау алдындағы үгітті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Құрылтайы, мәслихаттары депутаттарының, әкімнің, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерінің сайлауын ақпараттық қамтамасыз ету тәртібін айқындайды;
16-7) оған қатысты мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын ведомстволық бағынысты ұйымнан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін, интернет-ресурсты құру, дамыту, енгізу, қолдап отыру, оларға әкімшілік жүргізу, пайдалану және жүйелік-техникалық қызмет көрсету және сайлау қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алады;
16-8) сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
16-9) сенім білдірілген адамдарды тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекітеді;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-10) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-10) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-11) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 7 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-11) жарғылық қызметіне сайлауды байқау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жататын республикалық қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асырады;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-12) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-12) сайлауға, референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және олардың қызметіне қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 16-13) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
16-13) аумақтық сайлау комиссияларының мүшелеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
17) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
ҚР 06.05.99 ж. № 375-I Конституциялық Заңымен жаңа редакцияда; 14.04.04 ж. № 545-II (бұр. ред. қара) Конституциялық Заңымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Қазақстан Республикасының астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады.
2. Аумақты сайлау комиссиялары:
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) Президент, Құрылтай мен мәслихаттар депутаттарының, әкімнің, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткізудi қамтамасыз етедi;
2) жетi адамнан құрылады.
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Президентті, Құрылтай, мәслихаттар депутаттарын және әкімді сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе жарияланғаннан кейін - он күннен кешіктірілмей, ал өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы жеті күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
06.05.99 ж. № 375-I ҚР Конституциялық Заңымен;14.04.04 ж. № 545-II ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.06 № 268 -III ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.09.02 № 124-IV ҚР Конституциялық Заңымен (бұр. ред. қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Аумақтық сайлау комиссиясының өкiлеттiктерi
Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы:
1) әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, әкімді, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткізудi қамтамасыз етедi;
2-1) Президенттікке кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси, партиялардың сенім білдірген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-2) бастамашының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған депутаттарды кері шақырып алу жөніндегі өтінішін тіркейді;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 2-3) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-3) шығып қалғандардың орнына сайлау округтері бойынша мәслихаттардың депутаттарын сайлауды тағайындайды;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) төмен тұрған аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басшылық жасайды; олардың шешімдерінің күшін жояды және оларды тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткізу үшін бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын олардың арасында бөледі; сайлау науқанын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді ұсынады; округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметі үшін қажетті материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; округтік және учаскелік сайлау комиссияларының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) арыздар мен шағымдарды қарайды; Орталық сайлау комиссиясының шешімдерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде құрылған барлық сайлау комиссиясының орындауын ұйымдастырады;
2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-1) округтік сайлау комиссияларынан тиісті мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хаттамалар алады және округтік сайлау комиссияларының тіркелген кандидаттардың тізімдерін жариялауын қамтамасыз етеді;
4) сайлауды әзiрлеу мен өткізуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тыңдауға хақылы;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақтылы әрі дұрыс жасалуын бақылайды;
5) 2026.11.06. № 305-VIII ҚР Конституциялық Заңымен алып тасталды (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) тармақша өзгертілді
6) мәслихаттар депутаттарын, әкімді сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялайды, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды;
6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бірыңғай нөмiрленуін белгiлейдi;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 7) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) партиялық тізімдер бойынша мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің мәтінін белгілейді және мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерінің дайындалуын, сондай-ақ сайлау бюллетеньдерінің округтік, учаскелік сайлау комиссияларына жеткізілуін қамтамасыз етеді;
2018.29.06. № 162-VІ ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастырады және олардың өткізілуін қамтамасыз етеді; мәслихаттар депутаттығына кандидаттар ұсынатын саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркейді, саяси партиялардың және кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, кандидаттар мен сенім білдірілген адамдарға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында партиялық тізімдерді тіркеу туралы хабар жариялайды;
2021.24.05. № 41-VІІ ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.05.11. № 156-VII ҚР Конституциялық Заңымен 8-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-1) әкімдерді сайлауды, шығып қалғандардың әкімдерді сайлауды тағайындайды және өткізуді ұйымдастырады; әкім болуға кандидаттарды және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркейді, оларға тиісті куәліктер береді; бұқаралық ақпарат құралдарында әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жариялайды;